Выйти
RU

Коронавирус: Алматыда ауыр халде жатқан науқастар бұған дейін немен ауырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқас ауыр халде жатыр. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев олардың COVID-19-ға тест өткізгенге дейін қандай аурулары болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда коронавирустың салдарынан ауыр халде жатқан науқастар бұған дейін немен ауырды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияның 90 жағдайы расталды.

"68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екі ересектің жағдайы ауыр, 10 ересекте - орташа. Ауыр халдегі науқастар жасанды желдеткіш құрылғыларына қосылған", - деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

Әбілдаев сонымен бірге қазір ауыр халде жатқан екі науқастың коронавирусқа дейін қандай аурулары болғанын айтты.

"Бір науқаста обструктивті өкпе ауруы түрінде жүретін ауру бар. Бұл аурудың ауыр өтуіне әсер етеді. Сонымен қатар антибиотиктерге бірқатар аллергиялық реакциялар бар. Екінші науқаста екі жақты пневмония бар", - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда тағы бір адам коронавирустан жазылды. Осылайша бүгінгі таңда ауруханадан шыққандар саны 11 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Алматыда ауыр халде жатқан науқастар бұған дейін немен ауырған