RU

Қызылорда облыстық әкімдігінің қызметкерлері бұрынғы әкіммен бірге тергелуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгін Қызылорда облысының бұрынғы әкімінің қамауға алынғанын растады және әкімдік қызметкерлерінің үстінен де іс қозғалатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ: UGC

Тергеу барысында бұрынғы әкіммен бірге әкімдіктің неше шенеунігінің бұл іске қатысы бар екендігі туралы мәлімет берілген жоқ.

Сондай-ақ, күдіктінің қандай бап бойынша тергеліп жатқаны да айтылмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу мүдделері үшін шенеуніктер жайлы қосымша мәліметтер ұсынбағаны белгілі болды.

Айта кетейік, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бұған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Саясаткер Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында кейбір дереккөздердің дергіне сүйене отырып, жемқорлықпен күресушілер әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ өңір басшысына туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстағанын жазды.

Наурыз айының 28-ші жұлдызында мемлекет басшысы Гүлшара Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындады.

Ал өңірдің бұрынғы басшысы сот шешімімен үй қамаққа алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848591-kyzylorda-oblystyk-kimdigini-kyzmetkerleri-bryngy-kimmen-birge-tergelude.html