Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус дерті қашан бәсеңдейді

Опубликовано:

Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавирус дерті қашан бәсеңдейтінін айтты. Ол аурудың азаюы үшін әр адам өзін оқшаулауы қажет екенін тағы да ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы коронавирустың тарауына қала тұрғындары мен жанұялардың, әріптестердің арасындағы байланыстың максималды түрде шектелуі ықпал ететінін мәлімдеді. Мұндай жағдайда қалада індеттің бірден бәсеңдеуіне екі аптадан кейін-ақ қол жеткізуге болады.

"Біз қаладағы карантин ережелері сақталады және халық түсіністік танытады деп отырмыз. Алматы және карантин енгізілген басқа да өңір тұрғындарына сенім артамыз", - деді Тілеухан Әбілдаев.

Бүгін Тілеухан Әбілдаев коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы да баяндады. 2020 жылдың 2 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматыда 90 науқас тіркелген, 11 адам аурудан айығып шыққан.

Ал ауыр халде жатқан екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Жалпы Қазақстан бойынша 402 адам вирус жұқтырды, 27 адам дерттен жазылды, ал 3 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, бүгін, 2 сәуір күні Қазақстанның оңтүстік астанаcына Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет елімізге тепловизор, медициналық бұйымдар мен коронавирусқа қарсы тест жолдаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848600-almatyda-koronavirus-derti-kasan-bsedejdi/

pixel