Выйти
RU

АҚШ-та коронавирустан алты айлық сәби көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та тағы бір коронавирустық "антирекорд" орнатылды. Елде COVID-19 инфекциясынан көз жұмған нәресте тіркелді. Ол алты айлық сәби болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та коронавирус жұқтырған алты айлық сәби көз жұмды

Фото: pixabay.com

Қайғылы жағдай Коннектикут штатында болған, ақпаратты аймақ басшысы Нед Ламонт Twitter желісіндегі парақшасында растады.

Сәби өткен аптаның соңында штат ауруханаларының біріне жатқызылған. Дәрігерлер нәрестенің денсаулығын қалыпты деңгейге келтіре алмай, ақыр аяғында ол көз жұмған.

Бір күн бұрын нәрестеге коронавирус тесті жасалған, сынама оң нәтиже көрсеткен. Алты айлық сәбидің өліміне себепкер COVID-19 инфекциясы екені белгілі болды.

Ламонт қара жамылған отбасыға көңіл айтып, тұрғындарға ережелерді сақтап, қажет болмаған жағдайда үйден шықпауын өтінді.

Айта кетейік, бүгінде АҚШ әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны бойынша көш бастап тұр. COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1 сәуір күнгі көрсеткіш бойынша 200 мыңнан асып кеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Лондонда коронавирустан 13 жастағы жасөспірімнің көз жұмған хабарлаған едік. Бұл британиялық дәрігерлердің вирус балалар мен жеткіншектер үшін қауіпті емес деген пікірін теріске шығарған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та коронавирустан алты айлық сәби көз жұмды