Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғажайыптың күші": Италияда коронавирус анықталмаған қала табылды

Опубликовано:

Италияның солтүстік-батыс бөлігіндегі 3,5 мыңға жуық коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген Туринге жақын жерде Монтальдо-Торинезе қалашығы орналасқан. Дәл осы кішкентай шаһарда инфекция жұқтырған бірде бір адам тіркелмеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

монтальдо
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Монтальдо-Торинезеде коронавирус жұқтырған бірде бір адамның жоқтығын жергілікті тұрғындар қаладағы құдықтың бірінен шығатын "ғажайып судың" болуымен байланыстырады.

Олар осы судың көмегімен бір кездері наполендық әскерлер пневмониядан жазылғанына сенімді деп жазады The Guardian британдық басылымы.

Бірақ қала басшысы Серджо Гайоттидің пікірі мүлдем басқа. Оның айтуынша, француз қолбасшысының әскерлері пневмониядан байырғы табиғат пен таза ауаның арқасында емделген.

Ол дәл сол құдықтағы судың маңызды рөл атқарғанын жоққа шығармайды. Алайда, оның сөзінше, қазіргі уақытта ол құдықтан су ішуге болмайды. Ондағы су тек егістік алқаптарын суғару ішін пайдаланылады.

Мэрдің ойынша, қалалықтар салауатты өмір салты, профилактикалық шаралар мен ауаның арқасында вирус жұқтырмаған. Гайотти эпидемия бастала салысымен тұрғындарды гигиена мен арақашықтықты сақтауға шақырғанын атап өткен.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, 2 сәуір күні таңертең әлемде COVID-19 инфекцисын жұқтырғандар саны 935 мыңға жуықтаған. Вирус жұқтырған науқастардың 46,8 мыңы қайтыс болған. Ал 194 мыңдай адам ауруынан айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848614-gazajypty-ksi-italiada-koronavirus-anyktalmagan-kala-tabyldy/

pixel