Выйти
RU

"Mysterions" тобындағы әнші екінші мәрте әке атанды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Mysterions" тобындағы Дильен екінші мәрте әке атанды. Әншінің жары оған ұл бала сыйлаған. Қуанышты жаңалығымен өнер иесі әлеіметтік желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mysterions_boy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mysterions_boy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Дильен тағы да ұлды болған. Эстрада әншісі баласы дүниеге келгенін Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған. Қуанышы қойнына сыймаған әке барша жакүйерлерінен сүйінші сұраған.

"Сүйінші. Альхамдулиллях ұлды болдым. 19.03.2020: Есімі Исмаил" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары екінші мәрте балалы болған ата-ананы жарыса құттықтауда. Оқырмандар оларға деген ақ тілегін арнап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Құтты болсын. Көбейе беріңіздер", "Кішкентайларыңыздың жасы ұзақ болсын" , "Үлкен сыйлы азамат болсын" , "Құттықтаймыз. Бақытты болыңыздар, аман болыңыздар" , "Артынан қыз болсын енді" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, Дильен мен жарының бұл сәбиден үлкен тағы бір ұлы бар. Олардың тұңғышы 2018 жылы туған.

Айта кетейік, бұған дейін Нұржан Керменбаевтың үшінші мәрте әке атанғанын жазған болатынбыз. "Қара бала" екі ұлдан кейін қызды болған. Өнер иесі сәбиіне Тасним деген есім берді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Mysterions" тобындағы әнші екінші мәрте әке атанды (фото)