Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мессидің көзімен: Әйгілі аяқдопшы футболдағы болашақ 15 жұлдызды атады

Опубликовано:

Испаниялық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси қазіргі жас футболшылардың қайсысы болашақта жұлдыз болатыны жайлы болжамымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

Мессидің көзімен: Әйгілі аяқдопшы футболдағы болашақ 15 жұлдызды атады
Фото: instagram.com/leomessi: UGC

Мессидің ойынша болашақта әлемдік жұлдыз болуға қабілетті футболшылар:

"Трент Александр-Арнольд ("Ливерпуль") — ойыны өте әсерлі қорғаушы.

Кристиан Пулишич ("Челси") — оның балансы мен ептілігі өте жақсы.

Мейсон Маунт ("Челси") — ойынын бақылап көрдім, үздіктердің бірі бола алатын ойыншы.

Фил Фоден ("Манчестер Сити") — ол ойында керемет дүниелер жасайды. Өте дарынды ойыншы.

Джейдон Санчо (Дортмундтық "Боруссия" ) — мені оның қорғаушыларды алдап өту қабілеті тәнті қылды.

Лука Йович ("Реал") — ғажап ойыншы, жоқтан бар жасайды.

Кай Хаверц ("Байер") — жасына қарамастан қақпа алдында өз-өзін ұстауы таңғалдырады.

Эдер Милитао ("Реал") — феномен әрі дарынды ойыншы және лайықты бәсекелес.

Усман Дембеле ("Барселона") — оның жаттығуының жылдамдығына көз ілеспейді.

Уссем Ауа ("Лион") — бойында допқа иелік ету техникасы жақсы дамыған, сол себепті ойында өзін еркін сезінеді.

Френки де Йонг ("Барселона") — оның жасындағы пас берушілермен салыстырғанда, ол дарындылардың бірі.

Жоау Фелиш ("Атлетико") — әлемдегі ең жарқын жас ойыншылардың бірі.

Килиан Мбаппе ("ПСЖ") — ол өте жылдам және шабуылды аяқтай біледі. Өте қауіпті ойыншы.

Йозуа Киммих ("Бавария") — аса дарынды қорғаушы, көп пас береді.

Бенджамин Павар ("Бавария") — керемет қорғаушы, жақсы соққы жасай алады", — деді Месси.

Еске сала кетсек, бұған дейін танылма футболшы Златан Ибрагимович коронавируспен күресу үшін 100 мың еуро бөлгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1848621-messidi-kzimen-jgili-aakdopsy-futboldagy-bolasak-15-zldyzdy-atady/

pixel