Выйти
RU

Ирандық суретшінің коронавирусқа байланысты салған туындылары елдің жүрегін елжіретті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ирандық суретші Алиреза Пакдел әлемдегі қазіргі жағдайды және дәрігерлердің коронавируспен барын салып күресіп жатқанын жантебірентерлік суреттері арқылы көрсетуде. Оның туындылары ешкімді бейжай қалдырмасы анық деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ирандық суретшінің коронавирусқа байланысты салған туындылары жантебірентті

Фото: instagram.com/alirezapakdel_artist

Суретші өз туындыларын Instagram парақшасында бөлісі отырады. Оларды көрген қалың жұрт Ализераның өнеріне таңдай қағатындарын жасырмайды.

Ол салған әрбір сурет желіде 3 мыңнан астам лүпіл жинайды.

Суретші туындыларын қазіргі таңда жер жүзінде белең алып отырған мәселелерге арнайды.

Мәселен, мына суретте ол отбасы мен жақындарының жанында болудың орнына өлім аузында жатқан науқастың өмірімен күресіп жатқан дәрігерді көрсеткен.

Ал мына туындысын карантин ережелері мен талаптарына бағынғысы келмейтін адамдарға арнаған. Суретші вирусты қақпан ретінде көрсеткен.

Бұл сурет дәрігердің вирустың жеңіп кетуіне жол бермей тұрғанын сипаттайды.

Ал мына суретте Алиреза коронавируспен тек дәрігерлер ғана емес өзге де сала өкілдерінің күресіп жатқанын көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты 18 қызықты тату жинағын назарларыңызға ұсынған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ирандық суретшінің коронавирусқа байланысты салған туындылары елдің жүрегін елжіретті