Выйти
RU

Еліміздегі ТЖ кезінде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізіліп, мемлекет ақшаға мұқтаж азаматтарға 42,5 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге уәде берген соң елімізде алаяқтықтың жаңа түрлері пайда бола бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еліміздегі ТЖ кезінде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде қазақстандықтарға ЭЦҚ-ны онлайн-сервис арқылы алып, карантин кезінде берілетін жәрдемақы рәсімдеуге көмектесемін деген хабарландырулар пайда бола бастады.

Алайда олар бұл үшін құрбандарынан ақша мен дербес деректерін, соның ішінде банктік реквизиттер ғана емес, картаның пин-кодын да сұрайды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бөтен адамға дербес деректерін берген азаматтар өздерін өздері қиындыққа душар етеді. Алаяқтар көмек көрсетеміз деп азаматтардың ақшаларын ұрлауы мүмкін.

Дегенмен бұл мұндай жағдайда болуы мүмкін ең қауіпті жағдай емес. Корпорацияның сөзінше, егер алаяқ egov.kz порталындағы қолданушының жеке кабинетіне кіруге қол жеткізсе, онда ол деректерді өңдеп, мүлікті қайта рәсімдеп немесе күмәнді бизнес құра алады.

Сондықтан ақшалардың жоғалу қаупі бар болғандықтан банктік карталар туралы барлық ақпаратты айтуға болмайды.

Сонымен бірге, "Азаматтарға арналған үкімет" 1414 нөмірі арқылы тегін қоңырау шалып, барлық қажетті ақпарат алуға болатынын айтты. Бүгінде Call орталықтың жұмысына 1800 қызметкер тартылған.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Еске сала кетсек, мемлекеттен берілетін 42 500 теңгелік көмекті Telegram арқылы алуға болатыны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздегі ТЖ кезінде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды