Выйти
RU

Петропавл қаласы карантинге жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов шұғыл мәлімдеме жасап, Петропавл қаласының карантинге жабылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ baq.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл карантинге жабылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Өңірде бүгінде облыста коронавирусты жұқтырудың 7 жағдайы тіркелген. Олардың үшеуі Петропавл қаласында.

"Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан мәселеге байланысты барлық маңызды жағдайды ескере отырып, 3 сәуір сағат 00:00-ден бастап Петропавл қаласында карантин жарияланады", - деді Құмар Ақсақалов.

Петропавл қаласы маңына блок-бекеттер қойылған. Тұрғындардың кіріп-шығуына тек қажеттілік туындаған кезде ғана рұқсат беріледі.

Құжаттар тексерудан бөлек, сауалнама мен санитарлық бақылау жүргізілетін болады. 

Сонымен қатар, облыс аудандары да карантиндік режимде болады.

"Басқа да отбасылық мерейтойларға қатаң тыйым салынды. Әуежай мен теміржол бекеттері жабылды. Соған байланысты билеттер сатылмайды. Балабақшалар жабылды. 65-тен асқан тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды. 
Басқа мемлекеттік мекемелер, ауруханалар, құқық қорғау органдары өз қызметтерін атқара береді. Басқа саланың қызметкерлері мүмкіндік болса қашықтан жұмыс істейтін болады", - дейді облыс әкімі. 

Қазіргі таңда қаланың ішінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Естеріңізге сала кетейік, еліміз бойынша алғашқы коронавирус жұқтыру деректері тіркелген Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимі күшіне енген.

Ал 22 наурыздан бастап басқа қалалармен байланыс толықтай тоқтатылды. Яғни екі мегаполиске кейбір жағдайларда қоспағанда, кіруге және шығуға тыйым салынған.

30-шы наурыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары да карантинге жабылды. Мұнда темір жол, әуе байланысы, маршруттық рейстер тоқтатылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Петропавл қаласы карантинге жабылады