Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Таиланд шетелдегі өз азаматтарының елге кіруіне шектеу қойды

Опубликовано:

Таиланд коронавирустық инфекция өршіп тұрған кезде шетелден келетін өз азаматтары мен тұрақты тіркеуі бар шетелдіктерді елге кіргізуге уақытша шектеу қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

таиланд
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Бангкокте өткен үкімет үйіндегі баспасөз қызметінде Коронавирустық инфекция эпидемиясымен күрес орталығының баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин мәлім етті.

"Бүгіннен бастап 15 сәуірге дейін премьер-министр генерал Прают Чан-Очаның жарлығымен елге қайтапқшы мемлекет азаматтары мен елде тұрақты тұратын шетелдіктердің Таиландқа кіруіне шектеу қойылды. Бұл кезеңде Таиландқа тек аса маңызды жағдайларда ғана кіруге мүмкіндік бар", - дейді ол.

Айта кетсек, Таиландта соңғы мәліметтер бойынша 104 адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Сондай-ақ үш адам вирустың құрбанына айналғаны белгілі.

Еске сала кетейік, әлемде коронавирустық жағдай күннен күнге өрши түсуде. Мәселен, ресми деректерге сәйкес, дүние жүзінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 935 мыңға жеткен.

Олардың 46,8 мыңы коронавирустан қайтыс болса, 194 мың адам COVID-19 вирусынан айығып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848646-koronavirus-tailand-seteldegi-z-azamattaryny-elge-kiruine-sekteu-kojdy/

pixel