Выйти
RU

Қызылордада бір үйдің төрт баласы ажал аузынан аман қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордалық құқық қорғау орган қызметкерлері жекеменшік үйдегі өрттен балаларды құтқарып, аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада бір үйдің төрт баласы ажал аузынан аман қалды

Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 1 сәуір күні полицейлер жекеменшік жер үйдің терезесінен бетін орамалмен тұмшалап қарап тұрған балаларды байқайды.

Олқылықты сезген Әлімжан Әлімбетов пен Бейбарыс Қалымбетов бірден үйге қарай бет алады. Кәдімгі қасықпен жабылған есікті ашып, ішке кіреді. Үйдегі көрпе-кілемдердің өртке оранып жатқанын көрген тәртіп сақшылары төрт баланы далаға алып шығып, көршілерге тапсырады.

Өздері үйдегі тілсіз жауды ауыздықтауға кірісіп кетеді.

Полицейлердің дерегіне сәйкес, үйдің отағасы бұл уақытта жұмыста болған көрінеді, ал балалардың анасы болса, жақын маңдағы дүкенге шығып кеткен екен. Үйге келіп, жағдайды көрген анасы балаларының аман-сау екеніне қуанып, қырағы полиция қызметкерлеріне алғысын айтқан.

Еске сала кетсек, полицейлер карантин кезінде Алматыда бір тәулікке пәтер жалға берген әйелдерді ұстады.

Блок бекетті айналып өтпек болған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада бір үйдің төрт баласы ажал аузынан аман қалды