Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырылатын болдық": Коронавирус жайлы жалған ақпарат тұрғын істі болды

Опубликовано:

"Шымкентте мешіттен короновирус анықталған" деп жалған ақпарат таратқан тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлімтеніше, басы дауға қалған тұрғын өзінің желідегі парақшасына "Шымкентте Қазиев көшесіндегі бір мешіттен коронавируспен ауырған адам анықталыпты. Қырылатын болдық. (..)", деп жазба қалдырған.

Полицейлер жалған ақпарат таратушы тұлғаны анықтап, Қылмыстық кодекстің 274-бабымен іс қозғаған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай ақ құқық қорғау органдары Шымкентте 31 500 медициналық бетперде және 730 литр антисептик сұйықтығын заңсыз сатқандарды ұстаған. Заңсыз саудадағы маскілер мен антисептик тәркіленіп, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына берілген.

"Мемлекетте төтенше жағдай режімі жарияланғанға қарамастан кейбір тұлғалар мемлекеттік органдардың ескертулеріне назар аудармауда, шектеулер мен тыйымдарды елемей, жалған ақпараттар таратуда. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша Шымкент қаласында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа 26 тұлға тартылды", - дейді Шымкент қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Төтенше жағдай режимінде бұзғандардың 19-ы әкімшілік қамауға алынған. Жетеуі айыппұл төлеуге міндеттелді.   

Еске сала кетейік, бұған дейін мессенджерлер арқылы коронавиурс жайлы жалған ақпарат таратқан Жезқазған қаласының тұрғыны туралы хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848670-kyrylatyn-boldyk-koronavirus-zajly-zalgan-akparat-trgyn-isti-boldy/

pixel