Выйти
RU

ТЖ кезінде берілетін азық-түлікті алатын адамдар тізімі кеңейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирустық инфекцияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық заттар жиынтығын алатын адамдардың тізімі кеңейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

азккк

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомствоның ақпарынша енді азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарды азаматтардың келесі санаттары алатын болады:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
  • мүгедек баланы тәрбиелеуші;
  • жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Министрлік аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайтынын айтты.

Сондай-ақ бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап шамамен 180 мың адам азық-түлік және тұрмыстық жинақтармен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар үшін мемлекет тарапынан 42 500 теңгелік қаржылай көмек беріледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ кезінде берілетін азық-түлікті алатын адамдар тізімі кеңейтілді