Выйти
RU

Шымкентте коронавирус жұқтырған 8 адамға қатысты мәлімет шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Шымкент қаласында короновирустық инфекция диагнозы расталған 8 пациентке қатысты тың ақпарат шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте коронавирус жұқтырған 8 адамға қатысты дерек пайда болды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

COVID-19 инфекциясы анықталған 8 адамның барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары болып келеді.

Пациенттер қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда.

Сондай-ақ аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, соңғы мәлліметтер бойынша елімізде 423 адамнан коронавирустық инфекция табылды. Оның 11-і Шымкент қаласында тіркелген.

Қазақстанда коронавирус бойынша 2 сәуір сағат 17.05-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 21 адам анықталған. Олар: Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, ресми деректерге сәйкес, дүние жүзінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 935 мыңға жеткен.

Олардың 46,8 мыңы коронавирустан қайтыс болса, 194 мың адам COVID-19 вирусынан айығып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте коронавирус жұқтырған 8 адамға қатысты мәлімет шықты