Выйти
RU

Коронавирус салдарынан екі елде қалған ғашықтар шекарада күнде кездесіп жүр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустың кең таралуына байланысты барлық ел өз шекараларын жапты. Дегенмен бұл шынайы ғашықтар үшін кедергі емес сыңайлы. Мәселен Германия мен Данияда тұратын қос зейнеткер ғашықтар күн сайын шекарада кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кедергі жоқ: Коронавирус салдарынан екі елде қалған ғашықтар шекарада күнде кездеседі

Фото: twitter.com/Goodable

Шынайы ғашықтардың оқиғасы Twitter әлеуметтік желісіндегі Goodable парақшасында жарық көрген.

Көпшілікті махаббатымен тәнті еткен Инга мен Карстен екі елде тұрады. 85 жастағы Инга Дания азаматшасы болса, 89 жастағы Карстен Германия тұрғыны.

Екі ел коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты өз шекараларын жапқан. Алайда олардың махаббатарына бұл кедергі емес. Өйткені олар әлі күнге дейін, күн сайын шекарада кездеседі.

Қарт кісілер көрісіп қана қоймай, тәтті нан мен ыстық шай ішеді.

Кедергі жоқ: Коронавирус салдарынан екі елде қалған ғашықтар шекарада күнде кездеседі

Фото: twitter.com/Goodable

Еске сала кетсек, Англияның Сейл қаласында тұратын қатерлі ісіктің соңғы сатысымен ауыратын 81 жастағы қария Норман Поллард 22 жыл отасқан әйеліне жантебірентерлік қоштасу хатын жолдаған еді.

Поллард қоштасу хатында 84 жастағы сүйіктісі Рене Фордты қатты сағынатынын, оның өмірлік махаббаты екенін, жалғыз тастап кетіп бара жатқаны үшін уайымдайтынынын жазған.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус салдарынан екі елде қалған ғашықтар шекарада күнде кездесіп жүр (фото)