Выйти
RU

Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырған 5 науқастың жағдайы ауыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирустық жағдай туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

науқастар

Көрнекі фото: pixabay.com

Қисықованың хабарлауынша, 193 коронавирустық инфекция жұқтыру, 1 949 байланысу дерегі расталған. Оның 962-сі вирус анықталғандармен жақын байланыста болса, 987-сі байланысқан болуы мүмкін. 1 КВИ жағдайына 11 байланысқан адамнан келеді.

Сонымен бірге 193 КВИ диагнозы расталған адамның 123-і бұрын станционарда оқшауланған немесе үй карантинінде болған.

Бүгінде пациенттердің арасында бесеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Үш науқас өкпені желдету құрылғысына қосылған. Олардың бәрі КВИ емдеуге арналған клиникалық диагностикалық хаттамаларға сәйкес емделіп жатыр.

Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оларда тиісті ем қабылдауда.

Сондай-ақ басқарманың берген ақпартынша, елордада КВИ жұқтырған пациенттермен жақын байланыста болған адамдар тұратын 17 мекенжай анықталған.

Вирус жұқтырғандармен байлынысты болған жалпы 193 адам анықталып, оның 133-нен анализ алынды. Клиникалық белгілері бар 3 адам ауруханаға жатқызылған. Қалғандары үй карантинінде жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Карантинде жатқандардың бәрі үйден шықпай, үй карантинінің талаптары мен ережелерін қатаң сақтауы керек.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус 423 адамнан анықталып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырған 5 науқастың жағдайы ауыр