RU

Қазақстандық жұлдыздар медицина қызметкерлеріне ән арнады (видео)

Қазақстандық жұлдыздар медицина қызметкерлеріне ән арнады. "Хабар" Агенттігі "Ертеңіме сенемін" әнін орындаған эстрада жұлдыздарының бастамасын қолдады.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Depositphotos

Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Ержан Максим, Кенжебек Жанәбіл, Динара Сұлтан, Айгүл Иманбаева, Аян Бірбаев, Әли Оқапов, Нағима Есқалиева, Диас Аблаев, Lido, Әлішер Кәрімов және басқа да орындаушылар өз үйлерінде отырып, Роза Рымбаеваның репертуарындағы әнді адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандарға арнау ретінде жаңаша шырқады.

"Дәрігерлер – біздің заманымыздың қаһармандары. Бүгін олар қауіпті инфекцияға қарсы күресте тік тұрып, қиын шайқастың алдыңғы шебінде жанқиярлықпен күнделікті арпалысуда. Ән арқылы маңдай терін төгіп, еңбек етіп жатқан әр медицина қызметкеріне алғыс айтқымыз келеді", - делінген хабарламда.

Әнін жазған Еркін Ынтықбаев, сөзі Иран Ғайыптікі.

Орыс тіліндегі өлең жолдарының авторы – Алексей Маклай, Диана Самыкен.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Хабар" Агенттігі "Үйденшықпа" атты бейнероликтер циклын, Ибрагим Ескендірдің "Біргеміз" және Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы "Біз - қазақтың баласы" бейнебаяндарын халыққа ұсынған болатын. Қазақстандық домбырашылар "Сарыарқа" күйін бірге ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848688-kazakstandyk-zldyzdar-medicina-kyzmetkerlerine-n-arnady-video.html