Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылатын болды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: asker.kz
Фото: asker.kz: Depositphotos

Президент қаулысы Ақорда сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын.

2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, биыл елімізде көктемгі әскер шақыру тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848691-kazakstanda-skeri-mindettiler-arnauly-ziyndarga-sakyrylatyn-boldy/

pixel