Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Ресейдегі демалыс уақытын 30 сәуірге дейін ұзартты

Опубликовано:

Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтары жұмыс істемейтін күндердің уақыты сәуірдің соңына дейін жалақысы сақталған түрде жалғасатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Путин елдегі демалыс уақытын 30 сәуірге дейін создырды
Фото: kremlin.ru: UGC
"Әрі қарай не істейміз деген сұрақ туады. Шараларды қолдана отырып, қауіптің әлі да бар екенін түсіну қажет. Вирусолог мамандардың пайымдауынша, әлемдегі эпидемия әлі де болса жетер шыңына жетпеді. Осыған байланысты шешім қабылдадым: жұмыс істемейтін күндер режимі жалақысы сақталған күйінде 30 сәуірге дейін ұзартылсын", – деді Путин.

Мемлекет басшысы егер орын алған жағдай мүмкіндік тудырса, жұмыс істемейтін күндер режимін қысқарту жағына қарай реттелетінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупіне байланысты Владимир Путиннің қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкені туралы жазған болатынбыз.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848698-putin-eldegi-demalys-uakytyn-30-suirge-dejin-zartty/

pixel