Выйти
RU

ЖРВИ-дің орташа және ауыр формасына шалдыққандарды коронавирусқа тексереді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін денсаулық сақтау министрі ЖРВИ-дің орташа ауыр және ауру формасымен ауыратын науқастарды коронавирусқа тексеретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, сәуір айында Қазақстанға экспресс тесттер әкелінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ЖРВИ-дің орташа және ауыр формасына шалдыққан қазақстандықтарды коронавирусқа тексереді

Фото: www.piqsels.com

Қазақстанда жаңа коронавирусқа ЖРВИ науқастарын тексеру бас санитардың қаулысына сәйкес іске асады – тексеруден орташа және ауыр формадағы науқастар өтеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған 550 мың ПТР-тест бар – қазір зертханаларда тәулігіне 6 тест жасап шығарып жатыр. Келесі аптадан бастап, тест жасау жылдамдығы тәулігіне 12 тестке дейін артады.

Сондай-ақ, министр Елжан Біртанов 6 сәуірден бастап елімізде 30 минутта жаңа вирусты анықтайтын экспресс-тесттер пайда болатынын айтты. Айтуынша, бұл тесттер ПТР-диагностикамен салыстырғанда сенімсіздеу, сондықтан егер экспресс-тест оң нәтиже берген жағдайда, "қайта тексеру" керек болады.
Жылдам тестке тек саусақтан алынған қан ғана жеткілікті – сараптаманы кез келген медбике жасай алады. Тәулігіне 30 мың тесттен санағанда, сәуір айында мұндай тесттің 300 мыңын жасау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әлем бойынша экспресс-тесттер медициналық диагностика үшін қолданыла бермейді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Алайда кейбір елдер жылдам тесттерді қолдануды бастап кетті, сол себепті Қазақстан да осындай тестті енгізіп жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін, 2 сәуір күні Қазақстанның оңтүстік астанаcына Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек келген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ЖРВИ-дің орташа және ауыр формасына шалдыққандарды коронавирусқа тексереді