Выйти
RU

"Коронавирус кетпейді": Біртанов ғалымдардың болжамына пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі әлемдегі ғалымдардың коронавирусқа қатысты жасаған болжамы туралы айтты. Ғалымдардың пікірінше, жаңа вирус ешқайда кетпейді және әлсіз немесе күшті формада өмір сүреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирус кетпейді": Біртанов ғалымдардың болжамын айтты

Фото: NUR.KZ

Елжан Біртанов бұған дейін неліктен Қазақстандағы коронавирус жұқтыру саны сәуір мен мамыр айларында 3 500-ге дейін жетеді деп болжағанын айтып берді.

Оның сөзінше, қанша адамның ауру жұқтыратыны азаматтар тарапынан жасалатын сақтық шараларына байланысты.

"Карантиннің басты қиындығы – оны ұзақ сақтау өте ауыр", – деді министр.

Біртанов негізгі тактика – қатты таралып кетуді болдырмау, үнемі бақылауда ұстау екенін қоса кетті.

Карантинді ауру шыңына жеткен кезде енгізеді, сосын жұқтыру мен таралу саны азайғанға дейін күтеді.

Министр әлемдегі ғалымдардың болжамын да тілге тиек етті, олардың айтуынша, коронавирус жоғалмайды, адамдар арасында әлсіз немесе керісінше қауіпті формада өмір сүруін жалғастыра бермек.

Жаңа коронавирус құс тұмауы секілді жалғасуы мүмкін. Немесе осы қауіпті күйінде қалып, вакцина мен емдеу жүйесін ойлап таппағанша, дәрігерлер әлемді ұзақ уақыт бақылауда ұстауға мәжбүр болады.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Біртановтың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі мақсаты – вирусты жұқтыру мен таралу саны және індеттен өлім-жітім санының ең аз көрсеткішін сақтап қалу.

Айта кетейік, коронавирус шаш арқылы жұғады дегенге маман пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирус кетпейді": Біртанов ғалымдардың болжамына пікір білдірді