Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдай кезінде несиелік берешекті онлайн қалай шегеруге болады

Опубликовано:

Несиелік берешекті қалай шегертуге болады? Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Ұлттық банк жауап берді. Ведомство кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға онлайн өтініш беру тәртібін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Телеарна мәліметінше, елде орын алған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік осал топтар мен кәсіпкерлер банк немесе басқа да қаржылық ұйымдар алдындағы қарызын өтеу мерзімін үш айға шегере алады.

Ол үшін өтінішті ешбір құжатсыз, онлайн жіберу керек. Электронды өтініш маусымның 15-іне дейін кез келген жұмыс күнінде қабылданады.

Ведомство тарапынан айлық төлемді кейінге қалдыру, я қалдырмау туралы шешім 10 күнге дейінгі мерзімде шығады.

Егер жеке тұлға әлеуметтік осал топқа жатпаса, онда ол өзінің неліктен несиесін төлеуге қауқарсыз екенін жазбаша түрде түсіндіруі тиіс.

Бүгінде 12 мыңнан астам қазақстандықтың және 3 мыңнан астам кәсіпкердің берешегін өтеу мерзімі кейінге шегерілді.

Әрі бұл шара азаматтардың несиелік тарихына еш әсер етпейді. 

Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту департаменті басшысының орынбасары Нұржан Бидайбек пікір білдірді.

"Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалатындығын, кредиттік ұйымның электрондық поштасы, банк, клиент, онлайн жүйесі, интернет ресурсы, мобильдік қосымша, басқа да байланыс құралдары арқылы қашықтан жіберілетіндігін ерекше атап өткеніміз жөн", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, елімізде төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін осы төлем ресми жұмыс істегендерге беріледі десе, кеше президент бейресми қызмет еткендерге де таратуды тапсырды.

Осыдан кейін мемлекет басшысының көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттен 42 мың теңге төлем алуға құқығы бар азаматтарға не істеу керектігін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848721-ttense-zagdaj-kezinde-nesielik-beresekti-onlajn-kalaj-segeruge-bolady/

pixel