Выйти
RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 1 миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

әлембщ

Көрнекі фото: pixabay.com

Дәл қазіргі уақытта Жер бетінде 1 млн 16 мың адамнан COVID-19 анықталған. Вирустың құрбанына айналғандар саны 52 957 адамға жеткен деп жазады BNO News.

Коронавируспен екінші рет ауырғандар саны 200 мыңнан асқан. Сондай-ақ қазіргі уақытта 208 131 адам вирусты жеңіп шыққан.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Германия COVID-19 инфекциясын жұқтырғанда саны бойынша Қытайдан озған. Еуропалық елде 85 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де алдыңғы қатарда тұр. Бұл Италиядағы науқастардың екі еселенген көрсеткіші. Соңғы бір тәулікте АҚШ-та 24 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша үшінші орында тұр.

Ал өзіміздің елімізге келер болсақ, коронавирустық инфекция 435 адамнан анықталған. Вирус жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында.

Сондай-ақ елордада 16, Алматы қаласында 11 пациент ауруынан айығып, ауруханадан шықты. Тағы үш пациент коронавирустан көз жұмды. Қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус жұқтырғандар 1 миллионнан асты