Выйти
RU

Шатырда баласымен серуендеген ер адам оралдық тұрғынды таңырқатты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оралда тоғыз қабатты пәтердің шатырында балалар арбасымен серуендеп жүрген ер адам видеоға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

шатырда

Видеодан кадр

Болжам бойынша видео 2 сәуірде түсірілген болуы мүмкін. Роликті басылым редакциясына жіберген автор жазбаның Оралдағы карантин кезінде түсірілгенін айтқан.

"Міне, Орал қаласы, Захаров көшесі 3, карантин, көшеге шығуға болмайды. Ер адам тоғыз қабатты пәтердің шатырында баласын арбамен серуендетіп жүр. Қауіпсіз, ешқандай коронавирус қорқынышты емес. Бізге бәрібір, міне баламен серуендеп жүрміз", - дейді видеодағы ер адамның дауысы.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Орал қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Жантемір Иманалиев аталған деректің ювеналды полицияға жолданғанын хабарлады.

Оның айтуынша, ер адаммен түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирустық инфекция 435 адамнан анықталған. Вирус жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында.

Сондай-ақ елордада 16, Алматы қаласында 11 пациент ауруынан айығып, ауруханадан шықты. Тағы үш пациент коронавирустан көз жұмды. Қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шатырда баласымен серуендеген ер адам оралдық тұрғынды таңырқатты (видео)