Выйти
RU

Филиппин президенті елде карантин ережесін бұзғандарды атып тастауды бұйырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Филиппин президенті Родриго Дутерте полиция мен қарулы күштерге коронавирусқа байланысты елде енгізілген карантин ережесін бұзғандарды атып тастауға бұйрық берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Филиппин президенті елде карантин ережесін бұзғандарды атып тастауды бұйырды

Родриго Дутерте. Фото: Getty Images / The Asahi Shimbun

БАҚ-тың хабарлауынша, президенттің мұндай жарлық шығаруына Кесон-Сити қаласында халықтың аз қамтылған бөлігінің жергілікті биліктен азық-түлік пен басқа көмек сұрап, наразылық ақциясын жасауы себеп болған. Шеруге қатысқан 20-дан астам қатысушы қамауға алынған.

"Менің полиция мен әскерге бұйрғым... егер сіздердің өмірлеріңізді қауіпке тігетін жанжал болып немесе төбелес басталса, ереже бұзушыларды атып тастаңдар", - деді Дутерте.

ABS-CBN телеарнасының хабарлауынша, Филиппиннің бас полицейі Арчи Гамбоа мәлімдеме жасап, құқық қорғау органдарының ешкімді өлтірмейтінін айтқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, Филиппинде коронавирус жұқтырғандар саны 2,3 мыңнан асқан. Ал вирустан көз жұмғандар 96 адамға жеткен.

Еске сала кетейік, әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты. COVID-19-дың құрбанына айналғандар саны 52 957 адамға жеткен. Тағы 208 131 адам вирусты жеңіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Филиппин президенті елде карантин ережесін бұзғандарды атып тастауды бұйырды