Выйти
RU

Кенияда полицейлер карантин ережесін бұзған 13 жастағы балаға оқ атты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кенияда полицейлер коронавирусқа байланысты енгізілген коменданттық сағатты бұзып, үйінің балконында отырған 13 жастағы баланы атқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кенияда поолицейлер карантинді сақтамаған 13 жастағы баланы атып тастады

Көрнекі фото: Getty Images / Bloomberg

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ясин Мойо есімді жасөспірім үйінің балконында 20 минут отырған. Мұны көрген жергілікті полицейлер оның ішінен атқан. Баланы дереу ауруханаға жеткізгенімен, ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Кения прокуратурасының басшысы тергеу бастауға бұйрық берген. Оның сөзінше, полицейлер әдейі оқ атпаған.

Соңғы деректерге сүйенсек, Кенияда коронавирус жұқтырғандар саны 81 адамға жеткен. Осыған байланысты билік елде коменданттық сағат енгізген. Ал тәртіп сақшыларына бірнеше рет ереже бұзғандарға асқан қатыгездік танытты деген айып тағылған.

Еске сала кетсек, Филиппин президенті Родриго Дутерте елде карантин ережелерін бұзғандарды атып тастауға бұйрық берді. Дегенмен бұл елдің бас полицейі Арчи Гамбоа тәртіп сақшыларының ешкімге қару кезенбейтінін айтып мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ біздің елімізде ТЖ кезінде тоғыз қабатты пәтердің шатырында баласымен бірге серуендеген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Оқиға Оралда болған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Орал қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Жантемір Иманалиев аталған деректің ювеналды полицияға жолданғанын хабарлады.

Оның айтуынша, ер адаммен түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кенияда полицейлер карантин ережесін бұзған 13 жастағы балаға оқ атты