Выйти
RU

Қытай 4 сәуірді COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесі 4 сәуірді эпидемиямен күресіп, көз жұмған COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: segodnya.ua

Көрнекі фото: segodnya.ua

Үкімет бұйрығы бойынша бұл күні мемлекетте және басқа елдердегі Қытайдың дипломатиялық миссияларында мемлекеттік ту түсіріледі. Аспан асты елінде барлық ойын-сауық шараға тыйым салынады.

"Көпұлтты халқымыздың атынан жаңа коронавирус эпиедмиясымен күресіп, қайтыс болған құрбандарға көңіл айту үшін мемлекеттік кеңес 4 сәуір күні жалпыұлттық аза тұту шараларын өткізуді шешті", - делінген мәлімдемеде.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00- де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00) мемлекет эпидемия құрбандарының құрметіне 1 минут үнсіздік жариялайды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша елімізде COVID-19 инфекция жұқтырғандар саны 444-ке жетіп отыр.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Жер бетінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 1 млн 16 мың адамнан асты. 52 мың 957 адам вирус құрбанына айналса, тағы 210 мыңға жуық науқас ауруынан айықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытай 4 сәуірді COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жариялады