RU

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

3 сәуірде таңертең Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған тағы үш адам тіркелді, осылайша өңірде COVID-19 инфекциясы 14 адамның анықталып отыр. Олардың арасында бес жасар бала да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Sputnik Қазақстанның ақпаратынша, кішкентай пациент әкесімен бірге бұрын ауырғандармен байланыста болғаны үшін оқшауланған.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспаөз хатшысы Екатерина Белоусованың сөзінше, балақай провизорлық стационардан шығуға дайындалып жатқан.

Алайда бұған дейін жүргізілген коронавирустық сынақтар оң нәтиже көрсеткен. Сондықтан ол үшін оқшаулану мерзімі ұзартылып, дәрігерлер бүлдіршінді бақылауға алуын жалғастырған.

Белоусованың мәліметінше, бұл жағдайда медициналық мекеме вирустың ошағы болуы мүмкін.

Айта кетейік, аймақтағы вирус жұқтырғандардың тізімінде Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үш қызметкері бар.

Алдымен COVID-19 қызметкерлердің бірінде анықталған. Әріптестері тексерілгенде, олардың екеуінде де диагноз расталған.

Қызметкерлердің жұмыс орны инфекция жұқтырудың ошағы болуы мүмкін. Сонымен қатар, Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың зертханашысы мен Келлеровка ауылындағы дәрігерлік амбулаториядағы медбикенің вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бүгіннен бастап Петропавл қаласында карантин режимі енгізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1848784-petropavlda-bes-zasar-bala-koronavirus-zktyrdy.html