Выйти
RU

Қырғызстанда коронавирустан бірінші науқас қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда COVID-19 коронавирустық инфекциясы расталған алғашқы науқас қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ kabar.kg-ға сілтеме жасап.

фқрғп

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы COVID-19-бен күрес бойынша республикалық штаб хабарлаған.

"2 сәуірде Ош облысы Ноокат аумақтық ауруханасында 61 жастағы науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келген және станционарлық бақылауда болды, емдеу жүргізіліп, полимеразды тізбектік реакцияға анализ жасалып, COVID-19 инфекциясы расталды", - делінген хабарламада.

Қырғызстанда 3 сәуірде 9 жаңа коронавирустық инфекция жұқтыру дерегі расталған. Осылайша, көршілес елде жалпы 125 азаматтан COVID-19 анықталып отыр. Бес пациент емделіп, ауруханадан шығарылған.

Еске сала кетсек, елімізде бүгінгі күнге дейін COVID-19 инфекциясын жұқтырған 444 пациент тіркеліп отыр. Олардың 28-і сауығып, (Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 12) ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Ал әлем бойынша инфекция жұқтырғандар саны 1 миллион 16 мың адамнан асты. 52 мың 957 адам вирус құрбанына айналса, тағы 210 мыңға жуық науқас ауруынан айыққан.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Германия COVID-19 инфекциясын жұқтырғанда саны бойынша Қытайдан озған. Еуропалық елде 85 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстанда коронавирустан бірінші науқас қайтыс болды