Выйти
RU

Арнаулы жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерге жалақы төленеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев президент жарлығына сәйкес, арнаулы жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерге жалақы төленетінін мәлімдеді. Олар сондай-ақ бұрынғы позициясын сақтап қалады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда әскерге шақырылғандарға жалақы төленеді

Фото: KAZ.NUR.KZ

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, оқу-жаттығу жиынында әскери міндетті әскери қызметкер болса, оларға бірдей әлеуметтік жеңілдіктер беріледі. Оған тамақтану, заттармен қамтамасыз ету және медициналық көмек кіреді.

Сондай-ақ олар жалақыларын сақтап қалады. Егер шақыруға дейін әскери міндетті бір жерде жұмыс істеп, жалақысы екі жүз мың теңге болса, онда әскер қатарына шақырылған кезде де мемлекет оларға ай сайын сондай мөлшерде айлық төлейді.

Сонымен қатар әскери міндетті үшін жұмыс орны сақталып қалады. Шақыру аяқталғаннан кейін ол бұрынғы атқарған қызметінде қалады.

Егер ол жиынға дейін ешқандай жерде жұмыс істемесе де, әр ай сайын 42 500 теңге көлемінде ақша алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арнаулы жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерге жалақы төленеді