Выйти
RU

Арнаулы жиынға кімдер шақырылмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бүгін жиынға кімдер бармайтыны белгілі болды KAZ.NUR.KZ.

арнайы жиынға

Көрнекі фото: NUR.KZ

Әскери жиыннан кімдер босатылатынын Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтып берді.

Олар:

  • қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін тұлғалар;
  • мемлекеттік, азаматттық және эксперименттік авиация қызметкерлері;
  • егіс және егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығында және ауылшаруашылық техникасын жөндеу жөніндегі ұйымдарда жұмыс істейтін адамдар;
  • оқу жылындағы күндізгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері;
  • білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар;
  • әскери міндетті әйелдер;
  • 18 жасқа дейінгі үш немесе одан да көп балалары бар тұлғалар;
  • тергеуге немесе процессуалдық іске тартылған азаматтар;
  • жергілікті атқарушы органдардың немесе ҚР парламенті депутаттығына таңдалған әскери міндеттілер әскери жиынға алынбайды.

Айта кетейік, бұған дейін арнаулы жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерге жалақы төленетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арнаулы жиынға кімдер шақырылмайды