Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантиндегі жұлдыз: "Айқын қалай тамақ жасайтынын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген карантин уақытында желі қолданушыларына аспаздық өнерін паш етті. Эстрада жұлдызы стейк қалай әзірлеу керектігін көрсетті. Ол тамақ жасап жатқан сәтін әлеуметтік желіде жариялап, көпшілікті таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Карантин режимін ұстанып, үйінен шықпай жатқан Айқын Төлепберген Instagram парақшасында тамақ әзірлеп жатқан видеосымен бөлісті. Желіде белсенділік танытқан әнші оқырмандарын кезекті бейнеролигімен қуантты.

Онда өнер иесінің асханада стейк дайындап жатқанын көруге болады. Эстрада өкілін жары Жұлдыз Өмірғали видеоға түсіріп алған.

Желідегілер көпбалалы әртістің аспаздық шеберлігіне тәнті болып, оған өзінің оң пікірін жаудырған.

"Жарайсыз, әйеліңізге көмектесіп жатқаныңыз жаұсы" , "Мықтысыз ғой, көбі пісіре алмайды" , "Ер адамдар тамақтары дәмді әзірлейді" , "Жұлдыздың арманы жоқ шығар сіздің тамағыңызды жеп көрген", "Қандай керемет көрініс" , "Сізді жаңа қырыңыздан танып жатырмыз, жарайсыз" , "Күшті, көбірек видео салыңыз" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген отбасымен таңғы сегізге дейін ұйықтай алмай жүргенін айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848799-karantindegi-zldyz-ajkyn-kalaj-tamak-zasajtynyn-krsetti-video/

pixel