Выйти
RU

448-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы төрт адам тіркелді. Елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 448-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сағат 12:00-дегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында 2, Қарағанды облысында 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам коронавирус анықталып отыр.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 199

Алматы қаласы – 91

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 19

Ақтөбе облысы – 7

Алматы облысы – 9

Атырау облысы – 20

Шығыс Қазақстан облысы – 3

Жамбыл облысы – 6

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 22

Қызылорда облысы – 26

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 15

Түркістан облысы – 16

Жалпы қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 448. Олардың 28-і сауығып, (Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 12) ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де алдыңғы қатарда тұр. Бұл Италиядағы науқастардың екі еселенген көрсеткіші.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Соңғы бір тәулікте АҚШ-та 24 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша үшінші орында тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
448-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 4 адам тіркелді