Выйти
RU

Қазақстандықтар демалғанды жақсы көретін Пхукеттегі барлық қонақ үйлер жабылмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Пхукет қаласының басшылығы коронавирустың таралуымен күресу аясында Таиландтың оңтүстік аймағындағы барлық қонақүйлерді жабуға тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар демалғанды жақсы көретін Пхукеттегі барлық қонақ үйлер жабылмақ

Фото: pixabay.com

Губернатордың жарлығына сәйкес, 4 сәуірден бастап қонақүй индустриясының барлық мекемесі жабылуы тиіс. Бұрыннан тұрақтаған тұрғындары бар қонақүйлер жұмысын жалғастыра алады, алайда жаңа тұрғындарды қабылдауға болмайды.

Ереже бұзылса, 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 100 мың бат (3 мың доллар) есебінде айыппұл жазасы қарастырылған.

Одан бөлек, Пхукеттегі халықаралық әуежай басшылығы барлық шетел азаматтарына 10 сәуірге дейін аралдан шығуға кеңес берді. Губернатордың бұйрығы бойынша дәл сол күні арал айдың соңына дейін жабылатын болады.

Таиландта 3 сәуір күнгі дерек бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1875-ке дейін өскен, оның 15-і көз жұмған.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда коронавирустан бірінші науқас қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Қытай 4 сәуірді COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар демалғанды жақсы көретін Пхукеттегі барлық қонақ үйлер жабылмақ