Выйти
RU

Шымкент қаласы 4 сәуірден бастап карантинге жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің үшінші мегаполисі ертең сағат кешкі 21:00-ден бастап карантинге жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ертеңнен бастап карантинге жабылады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтың айтуынша, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау мақсатында 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін Шымкент қаласы аумағында карантин жарияланған.

Осыған байланысты карантин кезінде шаһардың бас санитарының қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады.

Шымкент қаласына кіріп-шығуға тыйым салынады. Қоғамдық көліктер таңғы 7.00 мен кешкі 19.00 аралығында ғана жүреді.

Қала ішінде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылып, сондай-ақ жеке көліктерімен қозғалуына тыйым салынады. Қалалықтар үйлерінен тек азық-түлік, дәріхана, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алуға ғана шыға алды.

Айта кетсек, мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қала тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қатысы жоқ. 

Азық-түлік базарлары 10.00 мен 18.00 аралығында, ал азық-түлік дүкендері 10.00 мен 21.00 аралығында жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Барлық тамақтану орындары жеткізіп беру қызметіне көшеді.

Сондай-ақ әкімдік 55 жастан асқан азаматтарға үйлерінен шықпауға кеңес берді.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 11 адам бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент қаласы 4 сәуірден бастап карантинге жабылады