Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таныстыршы дейтін": Тоқтар Серіков беделді адамдар Бейбітке қызыққанын айтты

Опубликовано:

Тоқтар Серіков сүйіп қосылған жары Бейбіт Сейдуалиеваны кезінде қатты қызғанғанын жасырмай айтты. Өнер иесі ғашығына келіп түсетін әрбір хабарламаға ашуланған болып шықты. Оған қоса, эстрада жұлдызы қасында ән салып жүретін сүйіктісіне бұрындары үлкен беделді азаматтар жиі қызығушылық білдіріп тұрғанын жайып салды. Олар әншіден Бейбіттің нөмірін сұрап, онымен таныстыруын өтінген деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тоқтар Серіков сүйіктісіне қарағанда өзінің аса қызғаншақ болғанын жеткізді. Ол Бейбіт Сейдуалиеваның ұялы телефонын сұрап келген әрбір азаматқа бірдей жауап қатып жүрген. Әнші көпті қызықтырған аруды өзінің жары ретінде таныстырған болып шықты.

"Ол кезде Бейбіт екеуміздің қатты танымал болған кезіміз. Жұлдыз бола бастаған шағымыз болды. Хаттар мен хабарлар, бізге ғашық қыздар болды. Бейбіт сондай жақсы түсіністікпен қарады. Олардан қызғанып, теріс қарау деген мүлдем болған емес. Ол керісінше, тырқылдап күлетін. Екеуміз ондай үшін ешқашан ұрысып көрген емеспіз. Арамызда расымен түсіністікке толы махаббат болды.

Көбіне мен қызғанып қалатынмын. Қыз бала болған соң, оған да қызығады ғой. Жігіт баласы хабарласып, телефонына хабарлама келіп қалса ашуланатынмын. Танымайтынын айтса да, хабарлама неге түсетінін сұрайтынмын. Бейбіт қызғанудан мүлдем алыс. Мен қызғаншақ болдым, жасыратыны жоқ. Қызғануға тұратын қыз болған соң, қызғандым. Мен болашақта ол менің жарым болатынын, балаларым осы қыздан туатынын білдім.

Сондықтан оның төрт құбыласын түгел қылып ұстау керек болды. Үлкен беделді азаматтар, үлкен ағалар болды. "Қасыңдағы қыздың телефонын берші, сөйлестірші, таныстыршы" дейтін. Соларға батып айтып тастағанмын. Менің болашақ жарым дейтінмін. Сол кезде өздері ұялып, кешірім сұраған" , - деді Тоқтар Серіков.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар Серіковпен екі мәрте отау көтермек болғанда үйлену той өтпей қалғанын айтып берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848821-tanystyrsy-dejtin-toktar-serikov-bedeldi-adamdar-bejbitke-katty-kyzykkanyn-ajtty/

pixel