Выйти
RU

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында жұмыссыз режим бір апта, яғни, 13 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылданған.

Айта кетейік, ТЖ кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды