Выйти
RU

Алматыда тағы екі науқас коронавирустан айығып, ауруханадан шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында коронавирус індетінен жазылған екі адам ауруханадан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі де - әйел адам, біреуі - 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген.

Қалада коронавирус індетінен айығып, ауруханадан шығарылғандардың саны - 13 адам, оның ішінде екеуі - бала.

3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жалпы 91 жағдайы тіркелді.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделіп жатыр. Олардың бірі - Алматы облысының тұрғыны болып табылады.

"68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.2 ересек адамның жағдайы - ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр (олардың біреуі облыстан)", - делінген хабарламада.

Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар.

Екі күндік карантинде 446 адам, үй шаруашылығында - 4411 адам орналастырылған.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де алдыңғы қатарда тұр. Бұл Италиядағы науқастардың екі еселенген көрсеткіші.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Соңғы бір тәулікте АҚШ-та 24 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша үшінші орында тұр.

Ал елімзде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 448-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тағы екі науқас коронавирустан айығып, ауруханадан шықты