Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиндегі анасының суретін салған 5 жасар қыз жұртты күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Ұлыбританиялық Лора Эпплетон балаларымен оқшаулануда жатыр. Үйде қамалып отырған 5 жасар қыздың көңілін аулау үшін анасы сурет салатын дәптер ұсыыпты, алайда қызының "өнер туындысын" көрген ол езуін жия алмай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ life.ru-ге сілтеме жасап.

5 жасар қыз карантиндегі анасының суретін салып, желідегілерді күлкіге қарқ қылды
Фото: © Facebook / Laura Appleton: UGC

Лора Эпплетон үйде тынымсыз жатқан қызын алдаусырату үшін оған сурет салатын дәптерді берген. Бірер уақыттан кейін қызы салған суретін анасына көрсетеді.

Лаура қызының "өнер туындысын" көре сала езуін жия алмай қалған.

Анықталғандай, кішкентай қыз карантинде жатқан анасының суретін салыпты. Ол тіпті, Лораның аяғындағы түгін де жасырмай салып берген екен.

Британиялық келіншектің сөзінше, қызы анасымен ойнап жүрген кезде оның аяғының қырылмағанын байқап қалыпты.

5 жасар қыз карантиндегі анасының суретін салып, желідегілерді күлкіге қарқ қылды
Фото: © Facebook / Laura Appleton: UGC
"Ол маған: "Мама, мен сенің көйлек киіп тұрған суретіңді салдым" деді. Мен оған: "Мия, сен ештеңені назардан тыс қалдырмапсың", - дедім", - деп жазды Лора.

Лора қызының суретіне қайран қалғаны соншалық, оны Facebook-ке жариялауды жөн көріпті. Көптеген қолданушылар жазба астына жағымды пікірлер жазып, қыздың тапқырлығына тәнті болған.

Естеріңізге сала кетейік, елімзде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 448-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1848831-karantindegi-anasyny-suretin-salgan-5-zasar-kyz-zrtty-klkige-karyk-kyldy/

pixel