Выйти
RU

Алматыда бір науқас жеті адамға коронавирус инфекциясын жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мегаполисте бір науқас жеті адамға коронавирус індетін жұқтырғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, жүргізілген талдауларға сәйкес Алматыда 7 адамда КВИ патогенді-агрессивті формасы анықталған.

"Олар ең көп адамға жұқтырған. Көпшілігінің ауруы орта дәрежеде. Ал қалғаны жеңіл формада өтіп жатыр.

Сондай-ақ, қала тұрғындары арасында симптомы білінбей өтіп жатқандар да болуы мүмкін.

Сол үшін қазір қаладағы барлық ЖРВИ, тұмау, өкпенің қабынуымен түскен науқастардың барлығын коронавирус инфекциясына тексеріп жатырмыз. Ересектер арасында осындай 1 жағдай тіркелді.

Пневмониямен түскен адамнан инфекция табылды. Кеше 13 бала тексерілді. Оның бесеуінде талдау расталған жоқ.. Қалғаны әлі тексерілуде. 5 науқастың үшеуінде коронавирус індеті ауырған адамдардан жұққан болса, екі адамның ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз", - деді Айзат Молдақасымова.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 453. Олардың 29-ы сауығып, ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де алдыңғы қатарда тұр. Бұл Италиядағы науқастардың екі еселенген көрсеткіші.

Соңғы бір тәулікте АҚШ-та 24 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша үшінші орында тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда бір науқас жеті адамға коронавирус инфекциясын жұқтырды