RU

Алматыда көбінесе қай жастағылар коронавирус жұқтырғаны анықталды

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова оңтүстік астанада коронавирус инфекциясын ең көп жұқтырған — 20-29 жас аралығындағы жастар екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Казақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Оның айтуынша, Алматыда тіркелген 91 жағдайдың 35-і сырттан келгендер, 48-і қатынаста болғандар, 5 жағдай жергілікті, үшеуі жергілікті науқаспен қарым-қатынаста болғандар.

"1-2 сәуір күндері коронавирус бойынша жаңадан тіркелген жағдайдың саны төмендегенін байқап отырмыз. Ауырғандардың көпшілігі мына рейстермен келгендер: Мәскеу-Алматы рейсі - 33%, Ыстанбұл-Алматы - 25%, Берлин– Алматы –16%, Санкт-Петербург рейсі -13%, Минсктен келгендерде -13%", –деді Молдағасымова.

Ведомство басшысы коронавирус анықталған науқастардың жас мөлшеріне тоқталып кетуді ұмытпады.

"Жас мөлшері бойынша қарайтын болсақ, 20-29 жас аралығындағылар көп. Одан кейін 30-39, 40-49 және 50-59 жастағылар шалдыққан. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгілер арасында - 3 жағдай, 15-19 аралығында – 4 жағдай тіркелген. 60-тан асқан қауіпті топтағылар бойынша - 7 жағдай тіркелген",–деді Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациент саны 453. Олардың 29-ы сауығып, ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ әлі де алдыңғы қатарда тұр. Бұл Италиядағы науқастардың екі еселенген көрсеткіші.

Соңғы бір тәулікте АҚШ-та 24 мыңнан аса адамнан коронавирус табылған. Ал Испанияда 112 мың адамнан COVID-19 анықталып, әлем бойынша үшінші орында тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848837-almatyda-kbinese-kaj-zastagylar-koronavirus-zktyrgany-anyktaldy.html