Выйти
RU

Ақтөбеде вирус жұтырған ерлі-зайыптылар тұрған подъезд карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында іссапарда болған ер адам әйеліне де індет жұқтырған. Олармен байланыста болған 56 адам карантинге жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Екі жағдай да кеше анықталды. Науқас 1 сәуір күні дене қызуына шағымданып, емдеу мекемесінің көмегіне жүгінген. Сол жерде бірден арнайы бөлмеде оқшауланып, жедел жәрдем бригадасымен провизорлық емханаға жеткізілді.

Онымен қатынаста болғандар анықталды. Отбасы, жақын туыстары, әріптестері және науқас көмек сұрап жүгінген емдеу мекемесінің қызметкерлері оқшауланды. Барлығы 56 адам.

Вирусологиялық текеруден соң науқастың анализі оң нәтиже көрсетті. Ол провизорлық орталықтан бірден инфекциялық аурухана боксына жатқызылды. Онымен жақын байланыста болған жұбайынан да індет белгісі табылды" , - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Тексеру қорытындылары анықталған бойдан ерлі-зайыптылар тұрған көпқабатты үйдің бір подъезі шұғыл карантинге жабылған.

Тұрғындар 14 күн бойына үйде отырады. Олар азық-түлік пен дәрі –дәрмекке тапсырыс береді. Қажетті заттарды туыстарына да жеткізіп беруге рұқсат етілген.

"Індет жұқтырған ер адамның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында іссапарда боғаны белгілі болды. Тексеріс кезінде оның әйелінен де вирус анықталды. Қазіргі уақытта облыста коронавирус инфекциясы анықталған жеті адамға да қажетті ем жүргізіліп жатыр. Алтауының жағдайы қалыпты. Біреуі орташа ауырлықта" , - дейді облыстық денсаулық сақтау басқырмасының басшысы Әсет Қалиев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде вирус жұтырған ерлі-зайыптылар тұрған подъезд карантинге жабылды