Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтарға өз көлігімен супермаркетке баруға бола ма

Опубликовано:

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов каратин уақытында азаматтардың өз көлігімен супермаркетке немесе егде жастағы туыстарына баруына қатысты пікір білдірді. Ол қандай жағдайда алматылықтарға қатаң тыйым салынатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Карандашов: Original

Шенеуніктің айтуынша, карантин уақытында қала ішінде көліктердің көп мөлшерде болуына қатаң тыйым салынады. Алайда, бұл шектеу шарасы жұмыс орнынан анықтамасы бар медициналық мекемелер, құқыққорғау органдары, коммуналдық қызметтер мен сауда саласының қызметкерлеріне қолданылмайды.

"Олар өзінің және отбасыларының өмірін тәуекел етуде. Мүмкіндіктері болғанда, олар да өз үйлерінде отыратын еді. Қала тұрғындарының көпшілігінде тәуекелге бел бумай, үйде отыру мүмкіндігі бар. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері бұл жағдайды түсінбейтін азаматтарға қатысты штаб протоколы бойынша әрекет етуде" , - деді Қожағапанов.

Оның сөзінше, азамат үлкен қажеттілік салдарынан өз көлігімен супермаркетке баруға мәжбүр болса , жағдайын патрульдік полиция қызметкерлеріне түсіндіруі тиіс.

"Олар робот емес, олар да адамдар. Олардың да өз балалары, отбасы, ата-анасы бар. Көбісі ет пен сүт сатып ала алмай жатқанын айтуда. Бұл 20-21 күн бойы шыдамдық танытып, азық сатып алудан бас тарта тұруға қажет уақыт болып табылады. Кейбір елдерде тіптен, толыққанды карантин енгізілді. Олар қалай тамақтанып жатыр? Қорғаныс күштерінің қызметкерлері үй-үйді аралап, су, нан мен шай бар пакетттерді таратуда. Бастысы коронавирустың инкубациондық кезеңінде үйде болу керек" , - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар, Қожағапанов карантин кезінде егде жастағы туыстарға тек бір мәрте барып қайтуға болатынын айтты. Оларға екі рет бармақ болғандарға айыппұл салынбақ. Сол себепті, карантин уақытында туыстарды көшіріп алып, бірге тұрған дұрыс.

Оған қоса, әкім орынбасары таксопарктер жұмысын сараптап шыққанын жеткізді. Нәтижесінде 7000 такси орталығы анықталған. Алайда, олардың тек 4000-ы ғана ресми түрде тіркелген болып шықты. Соған орай, 7000 таксопарктің ішінен соңғы 20 күнде аса белсенділері мен клиенттер тарапынан жоғары рейтингке ие орталықтарды таңдап алынды.

Соңында жергілікті халыққа қызмет көрсететін 2000 көлік қалды. Алайда, жүргізушлер оларға тағылған арнайы шарттарды орындауы қажет. Мәселен, жолаушы мен авто иесі шахматтық тәртіп бойынша отыру керек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848843-almatylyktarga-z-kligimen-supermarketke-baruga-bola-ma/

pixel