RU

Ресейде бір тәулік ішінде 601 адамнан қауіпті індет табылды

Бір тәулік ішінде Ресейдің 32 аймағында COVID-19 вирусын жұқтырған 601 адам анықталды және 4 науқас көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ресейде бір тәулікте 601 адамнан коронавирус табылды
Фото: pixabay.com: UGC

Қазіргі уақытта көршілес елдегі ахуал мынадай: ауру жұқтырғандардың саны – 4149 адам, оның 281-і індеттен айыққан, көз жұмғандар саны – 34. Жедел штабтың айтуынша, соңғы тәулік ішінде 4 науқас көз жұмған.

Осы уақытқа дейін жарты миллион тест жүргізілген.

Жаңа науқастардың тең жартысы Мәскеу қаласынан көрінеді. Жастары 45-тен кіші.

Сонымен қатар, бұған дейін Ресейде бір тәулікте 302 адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде коронавирус індетімен нәресте өмірге келгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Путин Ресейдегі демалыс уақытын 30 сәуірге дейін ұзартты.

Еске сала кетсек, Ресей азаматы екі тәулік бойы Алматы әуежайын паналап жүргенін жазған едік.

Сондай-ақ, Алматыда бір науқас жеті адамға коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848844-resejde-bir-tulik-isinde-601-adamnan-kauipti-indet-tabyldy.html