Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та дәрігерлерге ауыр халдегі науқастарды ауруханаға әкелуге тыйым салынды

Опубликовано:

Нью-Йоркте жедел жәрдем дәрігерлеріне пациенттерге ауруханадан тыс көмек көрсетуге тыйым салынды. Егер адамды құтқару мүмкін болмаса, оны ауруханаға апаруға болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлерге АҚШ-тың ауруханаларына ауыр науқастарды әкелуге тыйым салынды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Бұл ешқашан бітпейтін сияқты. Адамдардың ауруханаға келіп түсуі жалғасуда, оларды орналастыратын жер де қалмады", - деді қалалық аурухананың дәрігері.

Нью-Йорктегі ауруханаларда коронавиурспен ауыратын науқастар көп, сондықтан жедел жәрдем бөлмелері жаңа пациенттердің санын азайтуға тырысады.

Атап айтқанда, енді ауруханаға ауыр халдегі адамдар жеткізілмейді.

ABC7NY басылымының хабарлауынша, қала билігі Нью-Йорк пен Лонг-Айлендтегі жедел жәрдем бригадаларының барлығына жарлық шығарды.

Енді дәрігерлер науқасты "дала жағдайында" көмек көрсете алмаса, оны өлді деп тануы керек. Оны ауруханаға апаруға тыйым салынады.

Өрт сөндіру бөлімі комиссарының орынбасары басылымға жаңа қаулының міндетті, яғни қатаң түрде орындалуы керек екенін айтты. Қазір оны жүзеге асырудың жоспары жасалуда.

Басылым биліктің мұндай әрекеттері қазіргі кездегі қала мен елдегі жағдайдың қаншалықты өкінішті екенін көрсетеді.

"Науқасқа жүрек-өкпелік реанимация жасағанда, сіз кеудені қатты басасыз, сондықтан оның өкпесінен ауа шығады. Егер бұл адам COVID-19 -ды жұқтырса, онда бұл вирус ауруханаға таралады. Бұл қауіпті ескеру керек», - деді дәрігер Кумар.

Бұл шарт көптеген жылдар бойы өмірін сақтап келе жатқан дәрігерлерді таң қалдырды.

"Дәрігер ретінде және жанұясы бар қаланың тұрғыны ретінде мұндай жаңалықтар мені қатты таң қалдырады. Мен жақындарымның өмірі үшін қорқамын. Бұл өте қорқынышты", - дейді қала тұрғындары.

Бұл шешім 18 жастан асқан пациенттерге қатысты болатындығы атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бір науқас жеті адамға коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848848-aks-ta-drigerlerge-auyr-haldegi-naukastardy-auruhanaga-keluge-tyjym-salyndy/

pixel