Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лақтырып кеткен": Полиция Алматы маңында жатқан бомждарға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы полициясы күні кеше қала маңындағы Бесағаш ауылында жатқан бомждарға қатысты пікір білдірді. KAZ.NUR.KZ редакциясына келіп түскен ақпаратта карантинде оңтүстік астананы қаңғыбастардан тазартпақ болғандар оларды көлікпен ауыл маңына әкеліп тастап кеткені айтылған еді. Атын атамауды сұраған тұрғын үйсіздерді жол бойына лақтырғандар үш рейс жасады деп сендірген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Осыған дейін Алматыда коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін үйсіз азаматтар іздестіріліп жатқаны белгілі болған еді. Әкімдік олар үшін жеке ғимарат дайындап, қосымша төсек-орындар әзірлеп қойғаны да хабарланған. Әлеуметтік жұмысшылар, тіпті, көзден таса болған қаңғыбастар үшін алаңдаушылық білдірген болатын.

Ал Алматы бейімдеу орталығының директоры Харсан Таранов қала әкімшілігінен Көксай ауылында 20 төсек бөлінгенін айтқан еді.

"Егер бізге жүгінсе, тексеріп, қабылдаймыз. Карантинге дейін жүгінетін, барлығын қабылдайтынбыз", -деген ол.

Ал күні кеше редакцияға Алматы маңындағы Бесағаш ауылында 30-40 бомж жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Куәгер таспалаған видео әлеуметтік желіге де тарап үлгеріп, көптің назарына ілікті. Халық бомждардың вирус таратушы болып шығуы әбден мүмкін екенін жарыса жазды.

Осыған байланысты Алматы облыстық ПД пікір білдірді. Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, видео қатысушылары мен өздерін "ГАЗель" автокөлік маркасымен қаладан алып кетті деп хабарлағандарды тәртіп сақшылары анықтамаған.

Полицейлердің ақпаратына қарағанда, қала ішінде тәртіп сақшылары тұрғылықты жері жоқ барлық адамды анықтап, Алматы әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізеді. Бүгінде 150 адамды қабылдай алатын мекемеде 142 адам жатыр.

Куәгерлердің видеокамерасына түскен азаматтарды мегаполис маңына құқық қорғау органдары қызметкерлері тастамаған деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848851-laktyryp-ketken-policia-almaty-maynda-zatkan-bomzdarga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel