Выйти
RU

Үйінен тікелей эфирге шыққан журналист әкесінің "арқасында" танымал болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

SNN арнасының журналисі Джессика Ланг Twitter-ге басынан өткен қызықты жағдай туралы жазды. Ол жаңалық жүргізіп тұрған жерінде тікелей эфирден жартылай жалаңаш жүрген әкесінің көрініп қалғаны бейнеленген видеоны жүктеп, жұрттың ішек-сілесін қатырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Үйінен тікелей эфирге шыққан журналист әкесінің "арқасында" танымал болды

Фото: Видеодан кадр

Джессика анасы Диананы оператор болып беруін сұраған. Алайда тікелей эфирде коронавирус жайлы жаңалық таратып жатқан ару анасының түсініксіз іс-әрекетін көрген.

Джессика Дианадан не болып жатқанын сұраған кезде артына қарап, әкесінің келе жатқанын байқады.

"Папа, мұның не сенің?", - деді бойжеткен футболкасын асыға киіп келе жатқан әкесіне.

Журналистің видеосы 547 мың рет қаралып, 11,3 мың қолданушы лүпіл басқан.

Олардың көпшілігі көңілдерінің көтеріліп қалғаны үшін Джессикаға алғысын білдірсе, енді біреулері оның әкесін қолдап, кездескісі келетінін жазыпты.

"Бір жақсысы оның астында шалбары болды", "Әкеңмен міндетті түрде кездесуіміз керек", "Енді өз үйінде емін-еркін жүре алмайды ма", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, карантиндегі анасының суретін салған 5 жасар қыз жұртты күлкіге қарқ қылғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйінен тікелей эфирге шыққан журналист әкесінің "арқасында" танымал болды