Выйти
RU

Әйелі жүргізіп отырған тікелей эфирге баса көктеп "кірген" актер желіні шулатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық актёр Джозайя Смит TikTok желісіне кезекті видео жариялап, жұрттың көңілін көтерді. Кадрда ер адам үйінің маңында түсіріліп тікелей эфирге тап болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Әйелі жүргізіп отырған тікелей эфирге баса көктеп "кірген" актер, желіні шулатты

Фото: instagram.com/officialjosiahsmith

Джозайя ешқандай рөлді сомдамай-ақ теледидардан бір-ақ шықты.

Ол жаңалықтар көріп отырып, тікелей эфирдің оның үйінің маңында түсіріліп жатқанын байқаған. Уақытты құр жоғалтауды шешкен актер бірден аулаға шығып, жаңалықтарға қатысуды жөн көреді.

Ал бұл уақытта оның әйелі әрі CBS News арнасының жүргізушісі Кристин Смит тікелей эфирде жаңалық жүргізіп жатқан еді.

Видеодан әуелде Джозайяның жаңалық көріп отырғанын көруге болады. Бір кезде ол орнынан тұрып, жаңалықтар түсіріліп жатқан жерге барып, тікелей эфирге қатысады.

Актердің жұбайы оған тікелей эфир жүргізіп жатқанын түсіндіруге тырысты.

Ал Джозайя: "Анашым, сәлем! Мен сені жақсы көрем", -деді.

Желідегілер актердің әйелі бұл әзілді қалай қабылдағанын сұрап, қызықты.

Аталған видео жліде 2 млн рет қаралған.

Естеріңізге сала кетейік, Карантиндегі анасының суретін салған 5 жасар қыздың жұртты күлкіге қарқ қылғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелі жүргізіп отырған тікелей эфирге баса көктеп "кірген" актер желіні шулатты