Выйти
RU

Тоқаев: Халқымыздың әнұранды бірге орындауы зор құрметке лайық

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі тұрғындардың әнұранды қосыла шырқағанына жоғары баға берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Халқымыздың әнұранды бірге орындауы зор құрметке лайық

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда/архив

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазба жариялады.

"Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық.
Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз Бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өз парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Халқымыздың әнұранды бірге орындауы зор құрметке лайық